12.11.2025, 11:40

Маңғыстауда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Фото: Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы

Нәресте кесар тілігі арқылы дүниеге келген.

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықта алып қыз бала дүниеге келді. Баланың салмағы - 6,690 кг, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестенің анасында қант диабеті, ауыр преэклампсия және семіздік сияқты бірқатар пренатальды асқынулар болған.

Дәрігерлер мұндай жағдайлар баланың дамуына, соның ішінде туу салмағына әсер етуі мүмкін ескерткен. Сол себепті нәресте кесар тілігі арқылы дүниеге келген.

Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы тұрақты деп саналады және мамандар бақылап отыр.

Айта кетейік, салмағы 5 килограмнан асатын нәрестені алып деп сипаттайды.