12.11.2025, 14:00

Мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң қабылдады

Фото: Wikimedia Commons

"Бұл түзету әлеуметтік желілерде насихатқа тыйым салуды көздейді".

Мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Балаларды денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында, қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникациялық желілер мен онлайн-платформалар арқылы педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттайтын ақпаратты таратуға шектеу қою нормалары көзделген", – делінген құжатта. 

Бұл мәселені депутат Наталья Дементьева көтерген еді.

“Бұл түзету әлеуметтік желілерде насихатқа тыйым салуды көздейді. Менің түсінуімше, бұл фильмдер мен жарнамаға да қатысты. Яғни дәстүрге сай емес жыныстық қарым-қатынастарды насихаттауға тыйым салынуы тиіс. Біздің балалар әлеуметтік желілерде мұндай нәрселерді ашық көрмеуі қажет”, – деді депутат.

Депутаттың айтуынша, қазір кез келген әлеуметтік желіде ЛГБТ қатынастары “қалыпты құбылыс” деген ойды насихаттайтын видеолар мен жазбаларға тап болуға болады. 

"Бұған қазір тоқтау салмасақ, онда Батыстағы немесе басқа жерлердегідей, бала туған кезде жынысы көрсетілмей, кейін өзі таңдайтын жағдайға жетеміз”, – дейді Дементьева.