Kaspi мен Halyk Bank сияқты банк қосымшалары арқылы жасауды әлдеқайда жеңіл көреді.
Астаналықтардың көбі қоғамдық көлікте жолақысын төлеу үшін Avtobys қосымшасын қолданудан бас тартқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тұрғындар бұл жүйені “ыңғайсыз, баяу және жиі істемей қалады” деп сипаттайды.
Көпшілік төлемді Kaspi мен Halyk Bank сияқты банк қосымшалары арқылы жасауды әлдеқайда жеңіл көреді. Таңғы және кешкі уақытта (час-пик кезінде) Avtobys-та төлеу ұзаққа созылып, автобус ішінде кезек туындайды. Егде жастағы адамдар қосымшаны қолдануда жиі қиналатынын айтады. Кейбір жолаушылар мүлде төлемей жүретін жағдайлар да кездеседі.
Сарапшылар не дейді?
Мамандардың айтуынша, Avtobys жүйесі техникалық жағынан әлсіз және төлем серверлері жиі істен шығады. Қалалық мобильді төлем жүйесі бірыңғай стандартқа келтірілмегендіктен, әртүрлі операторлар арасында синхрондау қиын. IT-сарапшылардың пікірінше, қосымша интерфейсі қарапайым пайдаланушыға бейімделмеген, әсіресе егде жастағы адамдар үшін күрделі.
Экономистер “жүйенің тұрақсыздығы қоғамдық көлікке деген сенімді азайтады” дейді.