$ 524.65  607.02  6.48

Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді

Нәрестерлер анасының жүктілігінің 31-ші аптасында өмір есігін ашты.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Шалқарда үшем дүниеге келді. Сәбилерге Әдемі, Сұлу және Әміре есімі берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шалқар қаласының тұрғындары 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем – дүниеге келді.

Нәрестерлер анасының жүктілігінің 31-ші аптасында өмір есігін ашты. Жас отбасының бұдан бөлек 5 жасар ұлы, 3 жасар қызы бар.

Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы — 1600, 1670, 1490 грамм болса, бойлары бірдей, 35 см. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келген.

Шақалақтар 1 айдан аса облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдаған. Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары