$ 524.65  607.02  6.48

Маңғыстауда декретте отырған көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маңғыстауда декретте отырған көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, 2025 жылғы 9 қарашада алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды. Аталған қызметкер 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалыста болуына орай нақты қызметтік міндеттерін атқармаған", – деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында. 

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары