$ 524.65  607.02  6.48

«Бұл маған жабылған жала»: Желіні шулатқан имам өзін айыптағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Біздің қалаған нәрсеміздің қарсысы болып тұр ма?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіндегі лекция кезінде имам Нұржан Смағұловтың сөзі әлеуметттік желіні шулатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі имам видеода «педофилия Алланың барына дәлел» екенін айтқан.

«Педофильдің болуы Алланың барына дәлел емес пе? Керісінше, педофильдің болуы Алланың жоқ болуына дәлел болмау керек. Педофильдің болуы Алланың барына дәлел. Біздің қалауымыз педофильдің болуы ма, болмауы ма? Онда болмайтын еді. Біздің қалаған нәрсеміздің қарсысы болып тұр ма? Біздің қалауымыз орындалып тұр ма, орындалып тұрған жоқ па? Ол нені білдіреді? Біреу сенің қалауыңның орындалмауын қалап тұр», — деді видеода имам.

Алайда Нұржан Смағұлов бұл сөзді жоққа шығарып, өзіне жала жабылып жатқанын айтты.

«Интернетте белсенді болып жүргенімнен, бұл маған жабылған жала деп есептеймін. Өйткені, бұл үлкен мәселе тудыратын мәселе емес еді. Бұл Нұр-Мүбарак университетінде шәкірттерге семинар ретінде жүргізіліп жатқан еді. Яғни, тыңдап отырған адамдар сол саланың мамандары. Бұл жердегі мәселе жамандық та, жақсылық та Алладан деген сөз. Бұл Шәкәрімнің де, Абайдың қара сөзінде де жамандық та, жақсылық та Алладан деген тақырып бар. Ол видеодағы негізгі ой жақсылық та, жамандық та Алладан деген сөз», — деді имам Нұржан Смағұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары