Қазақстан Конституциясында: «Ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген.
Астана қаласындағы «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы, Халықаралық КонфОП мүшесі ретінде 30 жылдан бері тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысып келеді. Ұйым астана әкімдігімен жұмыс істейді және республикадағы қоғамдық бірлестіктер рейтингінде бірінші орында, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға сәйкес, дауларды сотқа жеткізбей шешу (медиация, арбитраж, соттағы татуласу) механизмдерінің маңызын атап өткен еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Мәжіліс отырысында Қазақстанды озық елге айналдыру — нақты мақсат екенін айтты.
Осы ретте «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамымен 30 жыл ішінде 100 000-нан астам қала тұрғынына көмек көрсетілді, 1 млрд теңгеден аса қаражат тұтынушыларға қайтарылды.
2025 жылы 10 айда – 2000-ға жуық азаматқа көмек беріліп, 4 млн теңге қайтарылды.
Ұйым қағидасы – «Тұтынушы әрқашан прав». Біз әрбір шағымды қарап, тұтынушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаймыз, халықтың тұтынушылық сауатын көтереміз.
Интернет-дүкендер мен онлайн-саудада (әсіресе Kaspi) сапасыз тауарлар жиі жіберіледі, қайтару талаптары сақталмайды. Банктердің қауіпсіздік қызметі жеткіліксіз, интернет-алаяқтар саны артуда. Өнімдер мен қызметтер туралы толық әрі түсінікті ақпарат жоқ. Ауылдағы, аз қамтылған топтардың мүддесі жеткілікті қорғалмайды.
«Ай Комек» және eGov.kz арқылы тұтынушыларға арналған алгоритм әзірленді, кол-орталық ашылды.
2025 жылы 1978 тұтынушының мәселесі сотқа дейін шешілді, тек 30 іс сотқа жолданып, 3 560 000 теңге өндірілді.
Негізгі шағымдар: бөлшек сауда, электрондық коммерция, тұрмыстық және медициналық қызметтер.
Шағымдардың көбі:
– Тарифтер – 24%
– Азық-түлік – 23,4%
– Тұрмыстық қызметтер – 13,6%
– Медициналық жабдықтар – 6,5%
Проблемалар: сапасыз тауар, қайтару/алмастыру қиындықтары, сапасыз тұрмыстық қызмет, Вьетнам бағытындағы туризм билеттерінің қайтарылмауы (арбитражға сілтеме).
Ұйым Астана қаласы ардагерлер кеңесімен бірге баға тұрақтылығы және жаңа заң жобасы бойынша резолюция қабылдады. Сондай-ақ ұйым Өзбекстандағы халықаралық форумға, КонфОП съезіне қатысып, трансшекаралық туристік шағымдар, электрондық коммерция мәселелерін талқылады.
Астана мектептеріндегі тамақтану сапасын бақылау бойынша 2022 жылдан бері мониторинг жүргізіліп келеді. Директорлармен, медбикелермен бірге тамақ сапасы, сақтау шарттары, жабдықтардың жағдайы тексерілді.
2025 жылы ұйым Астана әкімдігімен бірге 1366 тексеру жүргізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бойынша 404 бұзушылық анықтады. Саудадағы ережеден тыс үстемеақылар үшін кәсіпкерлерге әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Мониторинг барысында 39 ірі сауда нүктесі қамтылды. Сапасыз тауар, просрочка, коммуналдық қызметтердің негізсіз қымбаттауы, онлайн-оқу ақысы, жаңа үйдегі ақаулар, сапасыз жиһаз, техника, телефон, киім мәселелері шешілді.
Қаладағы қызмет көрсету мәдениеті әлі төмен. «Бірінші линия» қызметкерлерінен дөрекілік көп кездеседі, этика нормаларын күшейту қажет.
Медициналық қызметтер бойынша «Cosmo Tech» клиникасына қатысты шағымдарда азаматтарға 200 760 теңге қайтарылды.
АО «Астана-Энергия», «Су-Арнасы», «Теплотранзит» есептері талқыланып, тарифтердің өсуі халықтың төлем қабілетіне ауыр соғатыны айтылды. Зейнеткерлер тарапынан шағымдар көп. Тарифтердің тұрақтандырылуы сұралды.
Мажілісте жаңа «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобына 30 ұсыныс берілді. Заң азаматтар үшін түсінікті әрі ыңғайлы болмақ.
Негізгі түзетулер:
Тұтынушылар омбудсмені институтын енгізу.
Мақсаты – жүйелі проблемаларды зерттеу, белгісіз топтардың мүддесін қорғау.
Дауларды қарау алгоритмін 4 деңгейден 2 деңгейге дейін қысқарту.
Енді тұтынушы кәсіпкерге жүгінгеннен кейін тікелей – медиатор, госорган немесе сотты таңдауға ерікті.
Онлайн-саудадағы заңнамалық олқылықтарды жою.
Түсіндіруі екіұшты нормаларды нақтылау.
Болашақ жоспарлар:
– Заң жобасын жетілдіруге белсенді қатысу.
– «Әділет» ұйымының жетекші рөлін күшейту.
– Эксперттер мен қоғам өкілдерінен тұратын кеңес құру.
– Мемлекеттік тапсырыстар, гранттарға қатысу.
– Электрондық коммерциядағы халықаралық стандарттарды енгізу.
– Жалған жарнама, онлайн-алаяқтықпен күрес.
– Меморгандар мен ҮЕҰ арасындағы бірлескен алаң құру.
– Тұтынушылардың құқықтық сауатын арттыру.