19.08.2014, 11:30

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді

Сурет: kz.mirtv.ru

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ-ның сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 2014 жылы 19 тамызда  Алматы уақытымен сағат 12:43 минутта ШҚО-да 0-5 км тереңдікте 4,1 балдық жер сілкінісін тіркегенін хабарлады.

Бұл ақпаратты облыстық ТЖ қызметі ресми растады.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 845 км болған.