$ 521.01  603.43  6.42

«373 540 теңге»: Астаналық фельдшердің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды

Асқарбек Ертаевтың сөзінше, қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр және барлық қолдау шаралары тергеу аяқталғаннан кейін белгіленеді.

Фото: instagram.com/rustemova_aliya
Фото: instagram.com/rustemova_aliya

Еңбек вице-министрі Асқарбек Ертаев Мәжіліс кулуарында Астанадағы үйдің қасбеті құлап, қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Асқарбек Ертаевтың сөзінше, қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр және барлық қолдау шаралары тергеу аяқталғаннан кейін белгіленеді.

“Комиссия жұмыс берушінің жауапкершілігін қарастырып жатыр. Егер қыздың баласы немесе жұбайы болса, олар асыраушысынан айырылу бойынша төлем алуға құқылы”, – деді Ертаев.

Сондай-ақ марқұмның зейнетақы және әлеуметтік жарналары болған жағдайда, отбасына жерлеу шығыны ретінде 95 АЕК (373 540 теңге) мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Бұдан бөлек, егер сақтандыру рәсімделген болса, сақтандыру компаниясы еңбекке қатысты жазатайым оқиға бойынша келісімшартқа сәйкес төлем жасауға міндетті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары