$ 519.41  600.85  6.41

Астанадағы фельдшер өлімі: Адвокат кінәлілерді 6 жылға соттауды сұрады

Бұл туралы адвокат Нұрсұлтан Орынұлы берген сұхбатында мәлімдеген. 

Фото: instagram.com/zeineladilet
Фото: instagram.com/zeineladilet

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған Ұлдана Мырзуанның отбасы кінәлілердің жазадан құтылып кетпеуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Марқұмның жақындарының мүддесін қорғап жүрген тарап істі қайта саралау үшін әрекеттенуде. 

Бұл туралы адвокат Нұрсұлтан Орынұлы берген сұхбатында мәлімдеген. 

Адвокаттың айтуынша, қазір тергеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Құқық қорғаушы істі Қылмыстық кодекстің 278-бабынан («Сапасыз салынған құрылыс») қатаңырақ 279-бапқа («Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қағидаларды немесе нормативтік талаптарды бұзу») ауыстыруды көздейді.

Нұрсұлтан Орынұлы әзірге қайғылы оқиғаға нақты кім жауапты екенін айту қиын екенін атап өтті.

«Тергеу аяқталғаннан кейін жауапкершілікті кім көтеретіні анықталады. Бұл ПИК болуы мүмкін, құрылыс компаниясы немесе Тұрғын үй басқармасы болуы ықтимал. Үйдің пайдалануға берілгеніне 21 жыл болғаны рас, кепілдік мерзімі де өтіп кеткен. Бірақ бұл ғимарат мүлде тексерілмеуі тиіс дегенді білдірмейді. Қалған ақпарат тергеудің құпиясына байланысты әзірге жарияланбайды», – деді адвокат.

Егер істі жаңа баппен қайта қозғау туралы ұсыныс қабылданса, кінәлі деп танылған тұлғалар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары