Корей тілінен қазақшаға алғаш аударылып, оқырманға ұсынылып отырған аталмыш кітаптың авторы шығыстанушы, аудармашы, жергілікті және мемлекеттік басқару саласының маманы Дастан Ақаш, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Кітап бүлдіршін қазақ балаларына ғана емес, корей тілін үйренуші студент жастарға, корей мәдениеті мен экономикасына қызығушыларға арналған.
Жалпы балалар әдебиеті әлем халықтарының барлығына ортақ.
«Фолиант» баспасы басып шығарған кітаптың тұсаукесер рәсімі 22 тамызда Астана қаласындағы «Корей мәдениеті» орталығында өтеді.