24.11.2025, 15:20

Екібастұз кенішінде жұмысшы опат болды

Фото: Pixabay

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жазатайым оқиғаны тергеуді ұйымдастыруда.

22 қарашада «Богатырь көмір» ЖШС-де 31 жастағы электр слесарін ток соғып, салдарынан жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жазатайым оқиғаны тергеуді ұйымдастыруда. Соның нәтижелері бойынша мән-жайы мен себебі анықталады.

«Богатырь көмір» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Компания қайтыс болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.