$ 519.98  600.06  6.6

«Бірі тұншықтырып, екіншісі ізін жасырған»: Яна Легкодимованың қатігездікпен өлтірілген сәтінің видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Ер адам қызды күштеп көлікке итеріп жатқандай болды. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Атырауда аса қатыгездікпен өлтірілген 23 жастағы Яна Лекгодимованың жоғалып кеткен түні бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеолары жария болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бойжеткеннің өліміне қатысты қылмыстық істі жүргізіп, дәлел мен айғақ іздеген Атырау облысық полиция қызметкерлері ұсақ-түйекке дейін мұқият тексерген. Айтуынша, үйдің жанына Ризуан Хайржановқа тиесілі ақ көлік келіп тоқтаған. Видеодан қыздың көлікке отырып жатқанын көруге болады.

“Біз үйден шыққан кезден бастап көліктің қозғалыс бағытын құрастырдық. Камералар ақ түсті көлікті көрсетті, қыз сол көлікке отырды. Жанында екінші ер адам болды, ол есікті ұстап тұрды. Кейін ол да көлікке отырды. Содан кейін олар Талдыкөл ауылына қарай бет алды”, – дейді Атырау облысы ІІД тергеу басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Темірхан Хажмұратов.

Ер адам қызды күштеп көлікке итеріп жатқандай болды. 

Кейін олардың біреуі Янаны тұншықтырған, ал екіншісі қылмыстың ізін жасыруға көмектескен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары