$ 518.4  598.13  6.55

«Ашыған сорпа, өлі тышқан»: Алматыда мектеп асханасында масқара жағдай болды

Қызы ішінің ауырғанына шағымданып, құсып, дене қызуы көтерілген. Дәрігерлер мұны улану деді, кейін белгілі болғандай – мұндай жағдайлар жиі болған.

Фото: bit.ua
Фото: bit.ua

Алматыда балаларын жекеменшік мектепке берген ата- аналар сұмдық жағдайды жайып салды. Мектептен тамақ жеген балалар жиі ауыратын болған.Түскі асқа берілген ашыған сорпа мен өлі тышқан түсірілген видео елді алаңдатып отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Карлығаш Тагаеваның қызы биыл жекеменшік мектептің бірінші сыныбына барған, алайда үш айдың ішінде қызын сабақ үстінен үш рет алып кетуге мәжбүр болған. Қызы ішінің ауырғанына шағымданып, құсып, дене қызуы көтерілген. Дәрігерлер мұны улану деді, кейін белгілі болғандай – мұндай жағдайлар жиі болған.

Асханаға шағымдар түскен: тағамның порциясы аз, көкөністер бұзылған, табақта жиі шаш кездеседі. Түскі асқа берілген бұршақ сорпасының қышқыл иісі және асханадан табылған өлі тышқан ата- аналарды алаңдатып қойды. 

Сорпаның қышқыл иісі бойынша директор бұршақты дұрыс дайындамады деп түсіндірді. Жалпы, әр тағамды берер алдында медбике тексереді. Бірақ сол күні ол ештеңе күдік тудырғанын байқамаған.

«Кейін сорпаны тарата бастағанда иіс шықты, және біз дереу шара қабылдадық. Келесі аптада бізде жаңа оператор, жаңа мәзір болады. Біз бәрін ата-аналарға көрсетеміз, олармен бірге жұмыс істейміз. Және жаңа бракераж комиссиясын құрамыз, оған тікелей оқушылардың ата-аналары кіретін болады», — деп ТОО «Abroy School» бас директоры Қанат Ахмедов түсіндірді.

Ол тышқандар туралы да пікір білдірді. Асханада тышқандардың жүретінін жоққа шығармады. Кеміргіштер даладан кіріп кетеді, бірақ мектепте үнемі дератизация жүргізіледі дейді ол.

КТК телеарнасының мәліметінше, енді білім ордасына санитарлық дәрігерлер келеді. СЭС мәлімдегендей, бұл мектепте оқушылардың ата- аналарынан келген алғашқы шағым. Ал әзірге әкімшілік ревизорлардың келуін күтіп, асхананы толықтай жауып тастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары