$ 518.4  598.13  6.55

Алматы - Бішкек тасжолында 6 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Ол ауруханада қайтыс болды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматы – Бішкек тас жолында болған көлік апатынан бес адам жарақат алып, алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

24 қараша күні Алматы облысында трассаның 65-шы шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды.

“23 жастағы Audi жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы Toyota көлігімен соқтығысты”, – деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті. 

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер науқасты өлімнен арашалап қала алмады. Ол ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ бес жолаушы түрлі дене жарақатын алған, олар дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары