25.11.2025, 13:40

«Жұбайым жай ғана батыр емес еді»: Марқұм фельдшердің жұбайы тағы да жантебірентерлік жазба жариялады

Фото: instagram.com/zeineladilet

Ол – біздің үйіміздің жылуы, нұры, жүрегі еді. 

Марқұмның күйеуі Әділет Ғанибекұлы әлеуметтік желіде келіншегін тағы да есіне алып, жазба арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

– Менің жұбайым жай ғана батыр емес еді. 

Ол – менің ғаламым, бауырлары мен сіңлілеріне тірек, ата-анасына мақтаныш пен қуаныш, айналасындағы адамдарға шынайы бақыт болды. 

Ол – біздің үйіміздің жылуы, нұры, жүрегі еді. 

Өкінішке қарай, оның өмірі үзілді... Бірақ оның жарығы сөнген жоқ. 

Ол – құтқарып қалған жандардың жүрегінде, еске алып, сағынышпен дұға еткендердің жүрегінде мәңгілікке сақталады. 

Ол – өзінен кейін өшпейтін із қалдырды, жарының, отбасының, жақындарының, оны таныған әр жанның жүрегінде. 

Сен әрқашан жүрегіміздесің, жаным... – деп жазды Әділет Ғанибекұлы.