Елордада бір күн бұрын жоғалып кеткен оқушының денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
24 қараша күні қыздың анасы полицияға қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Айтуынша, қызы кешкі сағат 18:30 шамасында үйден шығып, телефон қоңырауына мүлде жауап бермей қойған.
Оқушыны полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеп, аумақтар мен жағалауды аралады. Олар бірнеше сағаттан кейін қыздың денесін өзеннен тапқан.
“Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.