Іс-шара Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің конференция залында өтті.
Ош қаласында Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әке туралы ой-толғау" ("Атам жөнүндө баян") атты қырғыз тіліне аударылған кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған, елдік пен ерлік жолында қалам тербеген көрнекті жазушы, қайраткер тұлға Кемел Тоқаевқа арналған.
Іс-шара Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің конференция залында өтті. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэры Женишбек Токторбаев, ОшМУ ректоры Қудайберди Кожобеков, Қырғызстан Жазушылар одағының бұрынғы төрағасы Нурланбек Калыбеков және Қырғызстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Тұсаукесерге жиналған көпшілікке президент кітабының желісі бойынша түсірілген "Бауыр" атты деректі фильм көрсетілді. Айта кетейік, "Әке туралы ой-толғау" кітабы румын, араб, моңғол, түрік және қырғыз тілдеріне аударылды.