$ 518.4  598.13  6.55

Көше атауларын қазақшалауға қарсы шығып, боғауыз сөздер айтқан Рудный тұрғынына айыппұл салынды

Оған 20 АЕК мөлшерінде – 78 640 теңге айыппұл салынды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Рудный тұрғыны қоғамдық тылқылау кезіндегі дөрекі әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, оқиға 21 қараша күні Рудный қаласында қоғамдық тыңдаулар кезінде болған.

“Талқылау барысында әйел адам регламентті өрескел бұзып, бейәдеп сөздер айтып, өзіне тән емес дөрекі мінез көрсеткен. Мұндай әрекет тыңдауға қатысушыларға құрметсіздік және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді”, – деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде әйел адам кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде – 78 640 теңге айыппұл салынды.

Полиция қоғамдық іс-шаралар кезінде тәртіп сақтау және өзгелерге құрмет көрсету маңызды екенін еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары