26.11.2025, 13:50

Бейнеуде 17 жастағы бала рөлге отырып, полиция көлігін соғып кетті

Фото: видеодан скриншот

Жол-көлік оқиғасы бейнекамераға анық түсіп қалған.

Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданында жасөспірім тізгіндеген Toyota полиция көлігіне соғылып, оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы бейнекамераға анық түсіп қалған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті 17 жастағы жасөспірім басқарған. Абырой болғанда, апаттан зардап шеккендер жоқ. Полицейлер ата-анасының жауапкершілігін де қараусыз қалдырмады: баласының көлік жүргізуіне жол беріп, өз міндетін тиісінше орындамағаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.