$ 518.4  598.13  6.55

«Үш күн нәр татпаған»: Жамбылда 700 қойымен бірге адасып кеткен қойшы жайлы ақпар шықты

Жамбыл ауданындағы шаруақожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қойымен бірге құмды аумақта адасып кеткен.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Жамбыл облысында полицейлер қалың тұманда адасқан қойшыны іздеп тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл ауданындағы шаруақожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қойымен бірге құмды аумақта адасып кеткен.

Хабарлама түскен сәтте жедел түрде оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, оның малы да табылды.

"Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз", – деді тұрғын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары