Жамбыл ауданындағы шаруақожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қойымен бірге құмды аумақта адасып кеткен.
Жамбыл облысында полицейлер қалың тұманда адасқан қойшыны іздеп тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жамбыл ауданындағы шаруақожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қойымен бірге құмды аумақта адасып кеткен.
Хабарлама түскен сәтте жедел түрде оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, оның малы да табылды.
"Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз", – деді тұрғын.