$ 518.4  598.13  6.55

«Қар, жаңбыр, көктайғақ»: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанның 14 облысында 27 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

27-28 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп болжанады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 27 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ  болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с қамтиды.

27-28 қарашада Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 27 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-18 м/с құрайды.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде 27 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 27 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары