$ 516.86  598.68  6.58

Айдос Есполов ұсталды: ҰҚК ақпарды растады

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Айдос Есполов – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Құрманбаеваның бауыры.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) “Астана ЭКСПО-2017” басшысының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін БАҚ-та Есполовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. 

“Аталған дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды”, – делінген ҰҚК мәлімдемесінде.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Айдос Есполов – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Құрманбаеваның бауыры. Ол “Астана ЭКСПО-2017” компаниясы басшысының бұрынғы кеңесші болған және Еуразиялық технологиялық университеті пен Alatau Asset Management Company компанияларының құрылтайшыларының бірі.

БАҚ-та тараған ақпаратта Есполовтың Астанадағы ЭКСПО-2017-ге дайындық барысында жасалған ұрлықтар мен парақорлыққа қатысты іс бойынша ұсталып, 2,2 миллиард теңге жымқырды деген кұдікке ілінгені айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰҚК #ЭКСПО