20.08.2014, 02:48

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

Сурет: russiasib.ru

Бүгін республиканың басым бөлігінде бұрынғыша күн райы ашық болып, аптап ыстық сақталады, қиыр солтүстікте ғана атмосфералық ағындардың өтуімен күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі, республиканың солтүстігінде кейбір жерлерде тұман түсуі күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде жел 15-21 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Қостанай облысында күндіз кей жерлерде 18 м/с-қа дейін жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында аптап ыстық сақталады.

Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.

Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады.