28.11.2025, 10:35

Ақтаудағы жаңа үй 2 жылға жетпей үгіліп жатыр

Фото: Видеодан алынған кадр

Тіпті осы күйде тұра берсе, сырты құлап, адамның үстіне түсуі әбден мүмкін дейді тұрғында

Ақтау қаласының 39-шағын ауданындағы 11-үйдің фасады екі-ақ жылда үгітіліп, тастары шашылып жатыр. Жаңа салынған үйдің қабырғаларының арасынан топырақ қопсып, қуыстар ашылып қалған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Тіпті осы күйде тұра берсе, сырты құлап, адамның үстіне түсуі әбден мүмкін дейді тұрғындар. Тұрғындар бірнеше рет жауапты мекемелерге шағымданып барғанымен, мәселе шешілмей отыр. Үйдің кепілдік мерзімі де аяқталуға жақын, ал құрылыс компаниясы уақыт ұтып жатқандай. Ең сорақысы - осындай сапасыз нысандарды қабылдаған әкімдік бұл жағдайға нақты жауап бермей, бақылауды күшейтудің орнына үнсіз отыр. Халықтың өміріне тікелей қауіп төндіріп тұрған ақауларды кім түзетеді? Мұндай құрылыстан кейін «жаңа үй қауіпсіз» деген сенім қайда қалмақ?