$ 516.86  598.68  6.58

Тұрғындарды су басып жатыр, ал жауаптылар үнсіз: Қызылордадағы көпқабатты үй апатты күйге түсті

Бұған себеп — кезінде модернизация жүргізген мердігер компанияның моржаларды толық жөндемей, үстірт жұмыс атқаруы.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қызылорда қаласындағы Абай даңғылы 36-үйдің тұрғындары бірнеше жыл қатарынан тоқтаусыз шешілмей келе жатқан мәселенің ортасында қалды. Шатырдан аққан су үйдің ішіне дейін жетіп, подъезде қабырға сылақтары құлап, апатты жағдай қалыптасқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, олар өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жасағанымен, су кету мүлде тоқтамаған. Бұған себеп — кезінде модернизация жүргізген мердігер компанияның моржаларды толық жөндемей, үстірт жұмыс атқаруы.

Ал, мәселенің күрделенуіне КСК-нің жауапсыздығы себеп болып отыр: мекеме өкілдері «бұл бізге қатысы жоқ» деп, тұрғындарды қабылдамай, жағдайдан басын ала қашқан. Шатырға өздері шығып жөндеу жасауға мүмкіндік жоқ болғандықтан, тұрғындар тығырыққа тірелген. Подъезд ішіндегі конструкциялардың бүлінуі күннен-күнге өршіп, қауіп деңгейі артып келеді.

Тұрғындар бірнеше рет әр мекемеге шағымданғанымен, ешбірі мәселені өз мойнына алмаған. Қала әкімдігі осы жағдайды дереу бақылауға алуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары