$ 516.86  598.68  6.58

Қазақстандықтар Жаңа жылға орай неше күн демалатыны белгілі болды

7 қаңтар – православиелік Рождество мерекесіне орай демалыс күні.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қаңтарда қазақстандықтар қатарынан бірнеше күн демалыс алады. Күнтізбеге сәйкес, бес күндік жұмыс аптасындағы жұмысшыларды 12 күн демалыс күтіп тұр, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар жеті күн демалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бес күндік жұмыс аптасындағы жұмысшылар үшін:

  • 30-31 желтоқсан – жұмыс күндері;
  • 1-2 қаңтар – Жаңа жыл мерекелері;
  • 3-4 қаңтар – демалыс күндері;
  • 5-6 қаңтар – жұмыс күндері;

7 қаңтар – православиелік Рождество мерекесіне орай демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасындағы жұмысшылар үшін:

  • 30-31 желтоқсан – жұмыс күндері;
  • 1-2 қаңтар – мереке күндері;
  • 3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні;
  • 4 қаңтар (жексенбі) – демалыс күні;
  • 5-6 қаңтар – жұмыс күндері;

Мектеп оқушыларының қысқы демалысы 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін созылады. Балалар мектепке 8 қаңтарда оралады.

Сонымен қатар қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсанда қосымша демалыс алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары