$ 512.53  592.43  6.53

Сәбилер тоңып жатқан палата: ШҚО-ның ауруханасындағы адам төзгісіз көрініске кім жауап береді?

Төрт орындық тар палатада әр жастағы балалар бірге жатқан, санитарлық талаптың сақталуы күмән туғызады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласының орталық ауруханасына екі айлық сәбиімен түскен ана суық, жылусыз палатада жатқанын айтады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Қабырғасы үгітіліп, сылағы түсіп, терезесінен жел ұрып тұрған бөлмеде баланы емдеу түгілі, жылы ұстаудың өзі мүмкін болмаған. Тоңып қалған сәбиін қорғау үшін анасы шығару туралы өтініш жазғанымен, температурасы көтерілген соң қайта жатуға мәжбүр болыпты.

Төрт орындық тар палатада әр жастағы балалар бірге жатқан, санитарлық талаптың сақталуы күмән туғызады. Осындай апатты жағдайда жатқан халықтан МӘМС төлемін міндеттеп отыру – әділетсіздікке айналды. Бұл оқиға өңірдегі медицина сапасының қаншалықты құлдырағанын ашық көрсетіп, жауапты органдардан нақты әрекет талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары