20.08.2014, 02:53

Ақмола облысының тұрғыны анасын ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Сурет: news.nur.kz

Шортанды аудандық сотында туған анасын ұрып-соққан тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, үйінде анасымен жанжалдасып, ұрып-соққаны үшін Шортанды ауданының тұрғыны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 79-1 бабы бойынша, айыпты деп танылды. 

Сот отырысында анасын ұрғанын мойындады. 

«Сот қаулысымен ол осы жасаған құқықбұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алынды», делінген хабарламада.