Әйелінің айтуынша ол бұл некеге өз еркімен келіскен.
Әлеуметтік желіде таралған екі ерлі-зайыптының видеосы жұртты дүрліктірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
60 жастағы ер адам өзінен 30 жас кіші әйелге үйленген. Ер адам 1966 жылғы болса, әйелі 1996 жылғы келіншек. Әйелінің айтуынша ол бұл некеге өз еркімен келіскен.
"Менде қалың мал да, махр де болған жоқ. тегін келдім", - деп жауап берген.
Ал ер адамның жас әйелді алған соң денсаулығы тұрақталып, қан қысымы ретке келгенін айтады. Сөзінше, жас бәйбішесі оны жасартып отыр.
"Қалай таңыстыңыздар?" деген сұраққа "Алланың қалауымен" деп жауап берді.
Өте үлкен жас айырмашылығы желі қолданушылары арасында қызу талғыға түсті. Кейбірі тіпті таңданыстарын жасырмады.
"Қыздың баратын жері жоқ", "Қызға обал", "Бай болса түсінетін едім", "Әкесімен жасты ғой", "Жоқтықтан болған махаббат", "Мына қыз үйінде зорлық-зомбылық көріп өскен", "Немересіндей ғой", - деп жазды оқырмандар.