01.12.2025, 14:00

Көлігі барларға жағымсыз жаңалық шықты

Фото: Pixabay

Талап орындалмаса, 5 АЕК айыппұл қарастырылған, бұл 19 660 теңге.

1 желтоқсаннан бастап көліктер қысқы шинамен жүруге міндетті. Қысқы шина көлік құралының барлық доңғалақтарына орнатылуы керек, ал протектор биіктігі 4 мм-ден кем болмауы тиіс, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл көліктің тежеуін орнықты етеді әрі тайғанамайды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін автокөлік қысқы доңғалақтармен жүреді.

Талап орындалмаса, 5 АЕК айыппұл қарастырылған, бұл 19 660 теңге. Ескертуді елемеген жағдайда айыппұл 20 АЕК көлемінде қарастырылған, яғни 78 640 теңге.

Тегтер: айыппұл көлік