$ 512.53  592.43  6.53

Жетісайдағы жантүршігерлік өрт: ауруханада жатқан 7 жастағы қыз қайтыс болды

18 қараша күні Алғабас ауылында үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан еді. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Артынша өрттен тірі қалған 3 адамның жансақтау бөлімінде жатқаны айтылды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Бүгін өкінішке қарай, ауруханада ауыр жарақат алған 7 жастағы қыздың да қайтыс болғаны хабарланды. 
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылындағы өрттен бұған дейін 12 адамның, оның арасындағы 9 баланың көз жұмғаны ел тұрғындарының қабырғасын қайыстырды. Бүгін қаза тапқан балалардың саны 10-ға жетіп отыр. 

Бүлдіршін Жетісайдан тікұшақ арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген еді. Десе де, дәрігерлердің барлық жанкешті іс-әрекетіне қарамастан, 7 жастағы қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Марқұмның денесі туған ауылына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылған. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та уақытында Түркістан облысында өрт салдарынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтқан еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары