01.12.2025, 16:40

Президенттің тікелей тапсырмасы: Ербаян Мұхтардың ісі Бас прокуратураға өтті

Фото: malim.kz

Бұл туралы заңгер Инга Иманбай жазды.

Әскери борышын өткеру кезінде бас сүйек-ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі Бас прокуратураға өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бас прокуратура қылмыстық істі толық өз өндірісіне алып, барлық материалдарды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді. Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр. Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз», - деді Иманбай.