01.12.2025, 17:10

Жезқазған саябақтары мас адамдар мен қаңғыбас иттердің жатын орнына айналды

Фото: видеодан скриншот

Таңертең оларды ояту – қызметкерлердің міндетіне айналған.

Жезқазғандағы демалыс аумақтарында қаңғыбас жануарлармен қатар, мас күйінде түнеген адамдардың күрт көбейгені тұрғындарды да, қала қызметкерлерін де алаңдатып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Таңертең жұмысқа кірісетін коммуналдық қызмет мамандары орындықтардың үстінен бөтелке, қоқыс пен ұйықтап жатқан адамдарды жиі табатын болған. Қала полициясы мен мәдениет және демалыс орындарын басқару мекемесіне түскен шағымдар соңғы апталарда айтарлықтай артқан. Тұрғындар саябақтардың қауіпсіздігі төмендеп, қоғамдық тәртіптің бұзылуы әдеттегі көрініске айналып бара жатқанын айтуда. Мамандардың сөзінше, кешкі уақытта ішімдікке салынған азаматтар демалыс аймақтарында қалып қойып, түнді сол жерде өткізеді. Ал таңертең оларды ояту – қызметкерлердің міндетіне айналған. Жергілікті билік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеді.