01.12.2025, 17:40

Алматыда белгісіз ер адам пәтер есігіне өрт қойды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.

Пәтер иесі бұл іс-әрекеттің қасақана жасалғанын айтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алатау ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде белгісіз адам есікке жанғыш сұйықтық құйып, оны өртеген.

Оның мұндай лас әрекеті видеоға жазылып қалған.

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.