02.12.2025, 04:30

«Дастарханында талай қонақ болғанбыз»: Танымал журналист Тұрсынбек пен Мөлдір туралы

Фото: коллаж Sn.kz

Жақында ғана біздің ұлдың тойына ешқандай сыр білдіртпей келіп, әнін айтып, тілек айтты. 

Танымал журналист әрі тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдірдің отбасындағы жағдайға қатысты өз ойын ашық білдірді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, бұл жұптың дастарқанында бірнеше рет қонақ болып, екеуінің бір-біріне деген сыйластығын талай көрген.

«Бір жеңгем “ағаңның абыройын дастарқанмен жинадым” деп айтушы еді. Тұрсынбек пен Мөлдірдің үйінде де талай мәрте қонақ болдық. Жақында ғана біздің ұлдың тойына ешқандай сыр білдіртпей келіп, әнін айтып, тілек айтты. Араға бірнеше күн салып сұхбаты шықты. Мөлдірдің өз ішіндегі дүниені ашып айтқанына қарамастан, бөгде әйелге тіл тигізбеуі – мен үшін үлкен тектіліктің белгісі», – деп жазады ол.

Гүлназдың айтуынша, Тұрсынбек пен Мөлдір көрсе көз тоятын жарасымды жұп болған. Журналист олардың қарым-қатынасы толық сөнді дегенге сенбейді, арада әлі де сезімнің ұшқыны қалуы мүмкін дейді.

«Бүгін Оралдағы “Шай” фильміне билет те жоқ. Оңаша отырып шай ішуге уақыт та жоқ. Алла Мөлдірді халықтың ықыласынан айырмасын!» – деп тілегін қосты тележүргізуші.