02.12.2025, 00:30

«Жаныма жақын жандармен ғана»: Ерке Есмахан 41 жасын қалай атап өткенін көрсетті (ФОТО)

Фото: коллаж Sn.kz

Келген қонақтар сол күнде үйге кеп жүрген дос, бауыр.

Танымал әнші Ерке Есмахан жаңа жасын қалай қарсы алғанын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Жақындармен бас қостық. Алматыда күн ерте бататы болған соң түскі 15-00-ге жиналдық. Сосын телефонсыз отырамыз деп шештік. Келген қонақтар сол күнде үйге кеп жүрген дос, бауыр. Тілек, ән, би, ойын, әңгіме , қуаныштан жылау, күлу бәәрі болды.

Қазіргі заманда тек жұлдыздардың жиналы, қыдырғанын көргісі келеді халық. Жақын дос, бауырмен үйде қарапайым өзіміз отыру онша емес пе сонда?

Маған үйге гүл, сыйлық жіберген туыс, дос, құрбыларыма алғысым шексіз. Сіздерге құрметім ерекше», деп жазды өнер иесі.