03.12.2025, 08:30

Тұман, боран, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Синоптиктер тұрғындарға жолда абай болуды және ауа райының өзгерісіне байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертеді.

Ертең, 3 желтоқсан күні еліміздің 16 облысында ауа райы күрт нашарлайды. «Қазгидромет» дерегінше, бірқатар аймақтарда тұман, көктайғақ, боран және жел күшейеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Негізгі қауіптер:

Тұман – Астана, Көкшетау, Талдықорған, Алматы, Ұлытау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, ШҚО, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл және басқа өңірлерде;

Көктайғақ – Қарағанды, БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында;

Боран және қар – Ақмола облысында (түнде және күндіз);

Күшті жел – Жамбыл облысының таулы аумақтарында және Алакөл ойысында (15–20 м/с). Өскеменде ауа сапасының нашарлауына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар туралы ескерту сақталып отыр.

Синоптиктер тұрғындарға жолда абай болуды және ауа райының өзгерісіне байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертеді.