03.12.2025, 00:30

75 жастағы қария сүйіктісіне ақ көйлек кигізіп, үйлену тойын жасады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

75 жастағы ақсақал мен оның жұбайы 50 жылдық бірге ғұмыр кешкенін ерекше түрде атап өтті.

Желіде 75 жастағы ақсақалдың үйлену тойын өткізіп, жұбайына ақ көйлек кигізген сәтінен түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

75 жастағы ақсақал мен оның жұбайы 50 жылдық бірге ғұмыр кешкенін ерекше түрде атап өтті. Зейнет жасында бола тұра, олар шынайы жас жұбайлар секілді киініп шыққан, яғни ер адам – классикалық смокингте, ал әйелі – ақ көйлекте.

Видео мыңдаған қаралым мен пікір жинады. Желі қолданушылары тойды қызу талқылап жатыр: біреулері жұпты мерейтойымен құттықтап, мүмкін, жас кездерінде тойларын өткізу мүмкіндігі болмағанын, ал тағы бір жұптың бұл көрінісі ерекше әсер беретінін атап өтті.