Еске сала кетейік, бұған дейін Омар Жәлел күнде тойға баратын қазақтарды сынаған болатын.
Белгілі абайтанушы Омар Жәлел ұлтқа зиян келтіріп жүргендерге үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Мін айтудың да өз жөні бар. Мін таққан кезде кекетіп, мұқату – қате. Әр үйленбеген жігіт үшін жүрегім ауырады. Өйткені қазақ өспей жатыр. Бір тамағын ит те табады. Нәпсінің жетегінде жүргенде ғұмыр өтіп бара жатыр. Оның солай жүргені қазаққа зиян. Ұлан-ғасыр жеріміз бар, санымыз аз», - дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Омар Жәлел күнде тойға баратын қазақтарды сынаған болатын. Омар Жәлел апталап тойда жүруді өте қауіпті тенденция деп санайды. Айтуынша, көрші елдер кәсіппен айналысып, уақытын тойға жібермейді.
«Бізде аптаның жеті күні той. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі... Бармайын десе, көпшілік туыстық қатынасты алға тартып, ұят деген сезіммен қинайды. Кәсіпкер адамдар тойға бармайды. Кәсіптің ең үлкені – ғылым. Кезінде Қаныш Сәтбаев ешқашан тойға бармаған», - деді Омар Жәлел.