$ 508.2  589.82  6.54

Алматыда бір топ ер адам бойжеткенді көлігіне салып, ұрлап кетпек болды (ВИДЕО)

Қатысушылардың бірі оқиғаны телефонға түсіріп жатқанын байқап, қашып кеткен.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде бір топ ер адамның қыз баланы күштеп көлікке отырғызбақ болған сәті түсірілген видео тарады. Жазба авторының айтуынша, оқиға Алматыда болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видео авторының сөзінше, жағдайға жолай өтіп бара жатқан адамдар араласып, оқиғаның ушығуына жол бермеген. Қатысушылардың бірі оқиғаны телефонға түсіріп жатқанын байқап, қашып кеткен.

Алматы қаласының Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді. Белгілі болғандай, видеоға қатысты Алмалы ауданы полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, бұл оқиға бойынша полицияға ресми өтініштер, арыздар немесе қоңыраулар әлі түспеген. Соған қарамастан, полицейлер оқиғаға қатысқан барлық адамды анықтауды жоспарлап отыр.

«Өтініш түскен-түспегеніне қарамастан, болған жағдайдың барлық объективті мән-жайын анықтап, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдаймыз. Қоғамдық қауіпсіздікке бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным танытқан тұрғындарға алғыс айтамыз», – деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Құқық қорғау органдары оқиғаға куә болған немесе қосымша ақпаратқа ие азаматтарға полицияға хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары