05.12.2025, 11:00

Астанада екі автобус соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

Фото: Астана ПД

Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде

Жол апаты кеше 4 желтоқан күні кешкісін, Қошқарбаев көшесінде болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тоқтап тұрған маршруттық автобусқа соғылған. Алған жарақаттарының салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

«Екі жолаушы әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.