$ 504.49  587.73  6.57

Түркістан облысында шенеунік жұмысынан айрылып қалуы мүмкін

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді.

Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысында төбелескен шенеунікті жұмыстан шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 2025 жылғы 5 желтоқсанда агенттіктің Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі мынандай шешім қабылдады:

"Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Түркістан облысы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы С. Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босату түріндегі тәртіптік жазаны қолдану ұсынылды", деді Әдеп жөніндегі кеңес.

Шенді тарапынан қоғамға жат мінез-құлық танытуы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауы жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды бұзуды айқындайтыны нақтыланады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары