$ 504.49  587.73  6.57

Ақмола облысында полицей оқыс жағдайда қаза тапты

Аталған жағдай бойынша жан-жақты әрі объективті тергеу болады.

Фото: Ақмола облысы ПД
Фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысында қызметтік міндеттерін атқару барысында полиция қызметкері қаза тапты. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақмола облысы полиция департаменті қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан патрульдік полиция инспекторының өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Қайғылы оқиға 7 желтоқсанда Астана-Ерейментау-Шідерті тасжолында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Camry жүргізушісі рульді басқара алмай, патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен. Полицей жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жүргізушілерге жылдамдықты асырмауды ескертіп тұрған.

Аталған жағдай бойынша жан-жақты әрі объективті тергеу болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары