07.12.2025, 23:30

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам қаза болды

Фото: куәгерлерден

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты желтоқсанның 7 күні «Шемонаиха-Усть-Таловка» тасжолында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux маркалы автокөліктер соқтығысты. Соның салдарынан Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.