08.12.2025, 10:20

Астанадағы «Cinema City» кинотеатры өртке оранды

Фото: видеодан скриншот

өрт сөндірушілер оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс жасап жатыр.

Астаналық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы өртке жедел жұмылдырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— Елордада құтқарушылар осы сәтте Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонда шыққан өртті сөндіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс жасап жатыр.