08.12.2025, 10:30

Астанаға Иран Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді

Фото: Hossein Sepahvand/Office of the Iranian President via Getty Images

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.