$ 520.02  608.79  6.57

Жан түршігерлік жол апаты: Алматы облысында 4 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Тағы 3 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы автожолының 80-шақырымында 5 желтоқсан күні жол апаты болған.

Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.

“Жол апатынан 2 жүргізуші және 2 жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді”, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары