Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілген.
Астанада наубайханада болған жарылыстың салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алматы ауданы М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шыққан.
«ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған. Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт толығымен сөндірілді», - делінген хабарламада.
Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр.